Психологқа сұрақ

Желтоқсан айында 5-ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне, бір- біріне деген сенімдерін арттыруға, өзін-өзі бағалауын арттыруға арналған тренинг жаттығулар өткізілді.

2024-2025 оқу жылының желтоқсан айында жоғары сынып оқушыларына түзету-дамыту бағыты бойынша «Жарқыраған жұлдыздар», «Лебізге толы ұшақтар» тақырыбында тренинг жаттығулар өткізілді.Мақсаты: оқушының өзін-өзі бағалауын арттыру, оқушылардың өздеріне деген сенімділіктерін нығайтып, өзі туралы ойын дамыту. 

Қараша айында 7-ші сынып оқушыларынан Кандаш тесті алынды. Зерттеу мақсаты: оқушылар бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау. Алынған сауалнамалардың қорытынды жасалып, хаттамаланды.

5-6 сынып оқушыларынан З. Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті аланды. Зерттеу мақсаты кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу.

 

2024-2025 оқу жылының 09 қазан күні мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларымен «Буллинг деген не?» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.  Мақсаты:  жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, буллингтің алдын алу.    

8-11 сынып оқушыларынан Айзенк сауалнамасы алынып, қорытындыланды. Мақсаты: оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау, психикалық күйін, сонымен қатар қобалжу, фрустрация, агрессия және регидтілік деңгейлерін анықтау.      

5-7 сынып оқушыларынан Р.Гудманның сауалнамасы алынды. Сауалнама мақсаты: орта буын оқушыларының бойындағы күшті жақтары мен әлсіз жақтарын, қиындықтарын және мінез құлық ерекшеліктерін анықтау. 

Қазан айында 8-11 сынып оқуыларынан «Буллингтің алдын алу» сауалнамасы алынды. Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, буллингтің алдын алу

Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сай «Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті сабақ өткізілді.  Сабақтың мақсаты: 1-ші сынып оқушыларында кездесетін қиындықтар мен өзгерістер кезіндегі ата ана тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерімен таныстыру, кеңес беру.

5-ші сынып оқушыларынан Н.Г.Лускановтың мектептік мотивация әдістемесі алынды. Мақсаты: оқушылардың мектепке, оқуға деген мотивациясын анықтау

2024 жылдың 26 қыркүйек күні Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Мақсаты: Балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау.

Қыркүйек айының соңғы аптасында 5-ші сынып оқушыларынан  «Оқу пәніне деген қарым- қатынасы мен қызығушылығын анықтауға арналған сауалнама» алынды.   Зерттеу мақсаты:  оқушылар үшін  ең  қызықты және  керісінше салыстырмалы түрде қызық емес  пәндерді анықтау және оның себеп-негіздерін зерттеу.

5-ші сынып оқушыларынан «Менің сыныбым» және «Темпераментті анықтау тесті» алынды. Мақсаты: оқушылардың орта буынға психологиялық бейімделуіін анықтау. Сыныптағы орны мен қарым-қатынасын анықтау. Оқушылардың темперамент типтерін анықтау.

2024-2025 оқу жылының қыркүйек айында 1-ші сынып оқушыларынан К. Йерасек тесті және «Менің сыныбым» жобалау тесті алынды. Мақсаты: оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау. Баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау.

2024-2025 ж жылдық жоспары

Бөгетсай МГ 2023-2024 оқу жылы. Психологтың есебі

Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша 22-ші ақпан күні сынып жетекшілер әдістеме бірлестігінің жоспарлы отырысы болды.
Күн тәртібінде:
1. Жасөспірімдердің арасындағы буллингтің алдын алу.
Мектеп-гимназия психологы А.С.Искакова
2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы.
Әлеуметтік педагог Г.Р.Хасенова
3. Сынып жетекшілердің іс-құжаттарына талдау.
ДТЖЖО А.С.Ергазина
Сынып жетекшілерге буллингтің алдын алу мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелерімен таныстырылып, алдын алу жұмыстарына бағыт-бағдар берілді. Отбасындағы қарым-қатынас түрлеріне, отбасы ережелеріне, баланы тәрбиелеу әдістеріне тоқталды.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында 5-11 сынып оқушыларынан «Буллинг дегеніміз не?» тақырыбында сауалнама алынды. Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы қорлау, қорқыту, буллингтің алдын алу. Өткізген: әлеуметтік педагог Хасенова Г.Р. және педагог-психолог Искакова А.С.

Ақпан айында » Ата-аналарды педагогикалық қолдау » орталығының 5-9сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Әр нәрсенің өлшемі бар….» тақырыбында кезекті сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Сонымен қатар жыл бойы ата-аналардың, педагогтердің, оқушылардың сұраныстары және психологтың өзіндік жұмысы бойынша жеке психологиялық консультациялар беріліп отыр.

Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу мақсатында жеке түзету- дамыту жұмыстары жүргізілді.

Ақпан айында Бөгетсай мектеп-гимназиясында 5-7 сынып оқушыларынан Р.Гудманның сауалнамасы алынды. Сауалнама мақсаты: орта буын оқушыларының бойындағы күшті жақтары мен әлсіз жақтарын, қиындықтарын және мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында «ДОСБОЛLIKE:ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы аясында 5-7сынып оқушыларына «Достық әлемі» тақырыбында тренинг сабағы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бірін-бірі сыйлау, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға тәрбиелеу.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Жақсыдан қашпа, жаманға баспа» тақырыбында жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: ата-аналарды интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстың шарттарымен, әдістерімен таныстыру.

Қаңтар айында кәсіби бағдар беру кабинетінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларынан «Профиль сауалнамасы» алынды. Сауалнама мақсаты: оқушының қай салаға бейім екендігімен таныстыру.

Қаңтар айында кәсіби бағдар беру кабинетінің ұйымдастыруымен » Кәсіптік бағдар болашаққа жол» атты онкүндігі аясында педагог-психологтың «Мамандықты дұрыс таңдай білейік!» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына тренинг өткізді.

Қаңтар айында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларынан Басса-Дарки сауалнамасы алынды. Сауалнаманың мақсаты: оқушының агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында 8-11 сынып оқушыларынан «Құқықбұзушылықтың алдын алу» және «Зорлық- зомбылық туралы не ойлаймын» тақырыптарында сауалнамалар алынды.

Желтоқсан айында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының «Баланың бас ұстазы — ата-ана» тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сай бастауыш сынып ата- аналарына  «Отбасы- бақыт бесігі» тақырыбында ағартушылық сабағы өтті. Мақсаты: ата- аналардың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл- ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.

Қараша айында жалпы ата аналар жиналысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  тұжырымдамасы аясындағы  ата -аналарды педагогикалық- психологиялық қолдау орталығының жұмысы туралы толық ақпарат берілді.

Қараша айында 8-11 сынып оқушыларынан құқықбұзушылықтың алдын алу және зорлық- зомбылық бойынша сауалнама алынды. Мақсаты: балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу. Сауалнама қорытындысымен сынып жетекшілер және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары таныстырылдық.

Қараша айында 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделу мәселелерін қорытындылау мақсатында мектеп әкімшілігі, ата- аналар, пән мұғалімдері және әлеуметтік педагогтың қатысуымен педконсилиум өтті. Мақсаты: 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезіндегі жоғарғы деңгейдегі мазасыздық, үлгерімдерінің төмендеуі, мінез-құлқындағы өзгерістер және басқада  проблемаларды анықтап, шешу.

Қазан айында 1сынып оқушыларының бейімделу мәселелеріне байланысты оқушылардың психологиялық дұрыс дамуына көмектесу,  психологиялық сүйемелдеу және психомоториканы дамыту мақсатында жаттығулар жасалды.

Қазан айында 5сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне көмектесіп, психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Құпия дос» акциясы және психологиялық тренингтер өткізілді.

Сонымен қатар жоспарға сай  8-11 сынып оқушыларының қорқыныш, стресс, депрессия, мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында ДАСС сауалнамасы алынды.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ұсынған «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Педагог-психолог Искакова А.С. және бастауыш сыныпмұғаліміУристемқызы Ж. ұйымдастыруымен «Отбасың бақыт бесігі» тақырыбында кезекті сабақ өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ұсынған «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Педагог-психолог Искакова А.С. және бастауыш сыныпмұғаліміУристемқызы Ж. ұйымдастыруымен «Отбасың бақыт бесігі» тақырыбында кезекті сабақ өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында мектеп әкімшілігі, ата- аналар және пән мұғалімдерінің қатысуымен 5сынып оқушыларының орта буынға бейімделу мәселелері бойынша педконсилиум өтті. Мақсаты: 5 сынып оқушыларының орта буынға тез және жеңіл бейімделуін қалыптастыру, бейімделудің, үйренісудің, қарым-қатынас мәселелерінің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 5 сыныптың I тоқсан бойынша оқу үлгерімі туралы қорытынды
ДОЖЖО: Байбақтина Н.Ү
2. 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделу деңгейін анықтаудың қорытындысы
Психолог: Искакова А.С.
3.5 сынып оқушыларының әлеуметтік ерекшеліктерін анықтау қорытындысы
Әлеуметтік педагог: Хасенова Г.Р.
4. Жалпы сынып оқушыларының сабақ үлгерімі мен тәртібі
Сынып жетекші: Елемесова А.С.
5. Ұсыныстар, пікірлер

Қыркүйек айында Бөгетсай мектеп гимназиясының педагог-психологы ИскаковаА.С 1сынып оқушыларының психомоторикасын дамыту, көңіл күйін көтеруге, жас ерекшеліктеріне сай есте сақтауын, ойлау, сөйлеу зейінді

Қыркүйек айында Бөгетсай мектеп-гимназиясының педагог-психологы ИскаковаА.С. 1сынып оқушыларының мектепке бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынасын, ортадағы орнын анықтау мақсатында «Менің сыныбым» әдістемесін өткізді.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында қыркүйек айының алғашқы аптасында 1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығы мен бейімделуін байқау және іс-қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын, үйлесімділігін анықтау мақсатында Керн-Йирасек тесті алынды.

Жылдық жоспар 2023-2024ж (2)

2022-2023 жылдық есеп (2)

Түзету- дамыту бағыты бойынша 6-8 сынып оқушыларына жеткіншек жас кезеңіне арналған психокоррекциялық жаттығулар өткізілді. Мақсаты: оқушылардың қобалжуын төмендету, сонымен бірге айналадағылардың қолдауын пайдалануға үйрету, өзгелерге көмек көрсете білу, өздерінің күшті және әлсіз жақтарын көре білу, өзін қабылдай білу және жетілдіру .

Алдын алу бағыты бойынша ақпан айында  жоспарға сәйкес жалпы ата- аналарға, педагогтерге «Буллинг дегеніміз не?», «Кибербуллингің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жалпы Буллинг деген не, оның түрлері, қалай алдын алуға болады, Кибербуллингтің жасөспірімдерге келтіретін зияны, бала  сондай жағдайға  тап болған кезде не істеу керек, осындай сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттандырылды.

осы тақырыпта 8-11 сынып оқушыларына да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай ақпараттар берілді.

Жоспардан тыс 8-11 сынып оқушыларынан « Буллингтің алдын алу» сауалнамасы алынды. Сауалнама қорытындысы шығарылып, хаттамалары жазылып, тиісті тараптарға ұсыныстар жасалды. Нәтижесінде анықталған оқушылармен жартылай сұхбат жасалып, психологиялық консультация берілді. 

Наурыз айында 8-11 сынып оқушыларының стресс, үрей, депрессия деңгейлерін анықтау мақсатында ДАСС сауалнамасы алынды. Қорытындысы шығарылып, нәтижесінде 11 сыныптың екі оқушысының бойында ҰБТ- ға байланысты аздаған қорқыныш, үрей бар екендігі анықталды. Анықталған оқушылармен жартылай сұхбат жүргізіп, себебін анықтап, психологиялық консультация берілді. Жалпы диагностикалау бағыты бойынша жасалған жұмыстарды электронды журналға енгізіп отырдым.

Ақпан айында диагностикалау бағыты бойынша 4 сынып оқушыларының эмоцианалды сферасын, оқушы бойындағы агрессия деңгейін, мінез құлқын анықтау мақсатында проективті әдістемесі алынды. Қорытындысы бойынша анықталған оқушыларға ұсыныстар жасалып, сынып жетекшіге таныстырылды және оларға консультация берілді.

Қаңтар айында жоспарға сай  кәсіби  бағдар беру бойынша директордың бейіндік оқыту орынбасарының қатысуымен 8-10 сынып оқушыларынан Голланд тесті  алынды. Мақсаты; оқушылардың мамандық таңдауға жол көрсету, бағыт бағдар беру,оқушының дарындылығын анықтау.

Алдын алу бағыты бойынша 6 сынып оқушыларына «Қарым- қатынаста мен қандаймын?»   тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты; оқушылардың бір- бірімен қарым- қатынастарын жақсарту, бірлікке, ауызбіршілікке тәрбиелеу.  

8-11 сынып оқушыларынан  «Сіздің сүйікті пәніңіз?»  тақырыбында сауалнама алынды. Мақсаты:  оқушылардың сүйіп оқитын пәндерін анықтау, пәндік олимпиадаға қатысу және дайындық кезіне оқушылардың талап тілектерін білу. Нәтижесі шығарылып, анықтамасын жазып, ұсыныспен директорды, директордың бейіндік оқыту орынбасары таныстырылды.

1-ші сынып ата аналар жиналысында «Бала тәрбиесі үшін жауапты отбасы ма әлде мектеп пе?» тақырыбында баяндама оқылып, ата- аналарға 1-ші сынып оқушыларының бейімделу мәселелері бойынша ақпараттандырып,ата- аналар тарапынан  қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында кәсіби бағдар бойынша  9-11 сынып оқушыларына арналған «Кім болғым келеді?» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификациясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын, қызығушылықтарын арттырып, кәсіби бағдар беру.    

8-11 сынып оқушыларына «Менің көңіл- күйімнің айнасы» тақырыбында аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында тимбилдинг жаттығулары өткізілді.

Ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен «Бақыт мекені» тақырыбында семинар-коучинг өткізілді. ата-аналарға өздерінің жауапкершілігі, баланың өсіп жетілуі үшін ата-ана мен ұстаздың қарым-қатынасы маңызды рөл атқаратындығы түсіндірілді

Сонымен қатар желтоқсан айында Бөгетсай мектеп- гимназиясында  «Бақытты бала-отбасы айнасы!»  психологиялық акциясы және ата-аналар мен педагогикалық ұжымға ағарту жұмысы бойынша  «Бақыт мекені» тақырыбындағы коуч-сессия өткізілді. Бір апта бойы жоспарға сай күнделікті жұмыстар жүргізілді. 1-4 сынып оқушыларына «Мен бақытты баламын» тақырыбында сурет салу байқауы өткізіліп

Психологиялық ағарту бағыты бойынша   ата-аналарға  арналған  «Жүрек жылуы» тақырыбында семинар- тренинг болып өтті. Семинар мақсаты: ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,  өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу, ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. 

5-11 сынып оқушыларының арасында қарым-қатынасты анықтауға Социометрия (Дж.Морено) әдістемесі өткізілді. Әдістеме мақсаты: топ лидерлерін анықтау, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын, топқа қабылданбайтын оқушыларды анықтау.  Нәтижесінде топқа қабылданбайтын оқушыларды үйірмелерге тарту, топтық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Бірінші тоқсанның аяғында 5 сынып ата-аналарының,  пән мұғалімдерінің, әкімшіліктің, сынып жетекшілердің қатысуымен бейімделу мәселелері бойынша педконсилиум өтті. Педконсилиумде психологиялық қызметтің жүргізген жұмыс қорытындысымен таныстырылды. Ата- ана тарапынан ұсыныстар айтылып, сынып жетекшілер сынып бойынша мәлімет берді ал пән мұғалімдері өз пәндері бойынша жетістіктермен, қиыншылықтарымен таныстырды.

Қазан айында жасөспірімдердің мықты жақтары мен қиындықтарын анықтау мақсатында Р.Гудманның сауалнамасы 5-7 сынып оқушыларынан алынды. Сауалнама нәтижесінде жоғары деңгейдегі қиындықтары мен агрессиясы бар оқушы анықталған жоқ.

8-11 сынып оқушыларынан қорқыныш, стресс, депрессия деңгейін анықтау мақсатында ДАСС сауалнамасы алынды. Диагностика қорытындысы бойынша жоғары деңгейде стресс, депрессия , мазасыздығы бар оқушы анықталған жоқ.

Апталық анкетам

2022 жылдан бастап 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі психология мамандығын ұсынады. Қыркүйек айдынында мектептегі оқушы түлгерейін түлгейлігінің ерекшелілігін кез келген ақтау, кауіпті топқа жатқасын оқитын оқтұмсықтың қасында алға жылжып бара жатқан жұмысшы диагностикалық басталы. 1 класс оку-арекети алгишартрын денгейин, Көл моторикасын даму дамуының кез келген қырктауы, баланын мектептегі жалпы күндізгі онктау барысын «Керн-Йерасек» деп атады.

Мектептің 1-сыныбы – мектептің бірінші сыныбы.

Қырқүйек айында 6-11 оқушыларынан Басса-Дарки сауалнамасы алынды. Мақсаты: Оқушылардың агрессия  деңгейін анықтау.

Қыркүйек айында 5 сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтау мақсатында Н.Г.Лусканованың «Мектептік мотивация» әдістемесі алынды.

5   сынып  оқушыларынан « Менің класым» жобалау әдісі алынды. Мақсаты; оқушылардың мұғаліммен, бір- бірімен қарым- қатынасын анықтауға және оқушылардың орта буынға  бейімделуін анықтау болатын

Жана оқу жылында жаңадан  келген оқушыларлы тану, класқа бейімделуін және сыныптастарымен табысып кетуін қадағалап, жеке жұмыстар жүргізілді.

Жылдық жоспар 2022-2023ж

2021-2022 оқу жылының сәуір айында 11 сынып оқушыларынан ҰБТ-ға дайындық кезіндегі мазасыздығын аықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнаманың мақсаты 11 сынып оқушыларының ҰБТға дайындық кезіндегі мазасыздығын , қобалжуын, депрессиялық жағдайларын анықтау. Сауалнама барлығы  20 сұрақтан тұрады. Сауалнаманы қорытындысы бойынша  стреске төзімділігі, көңіл -күйдің тұрақтылығы, өз- өзіне сенімділігі жоғары деңгейде. ҰБТ-ға дайындық кезінде өздерін еркін ұстайды, бойларында қатты  қобалжу, мазасыздану  жоқ, дегенмен сәл уайымдайтын оқушылар бар. Олармен жеке сөйлесу арқылы кейде сәл уайымдайтынын, өз бетінше көбірек дайындалатыны анықталды. Оқушылардың басым бөлігі шыдамды, сабырлы.  Сонымен қатар ҰБТ-ға  жеңіл көзқараспен қарайтын оқушылар да бар.  Сауалнама  бойынша стресске бейім, стреске  түскен, мазасыздық деңгейі жоғары , қобалжуы басым оқушы анықталмады.

2021-2022 оқу жылының сәуір айында Бөгетсай мектеп -гимназиясының 4, 9  сынып оқушыларына  арналған «Мен өзіме сенемін!» тақырыбында тренинг сабақ өтті. Тренинг мақсаты: ББЖМ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда даярлау,жағымсыз көңіл-күйден, қобалжудан арылуға көмектесу.Оқушының өзіне деген сенімін арттыру. Сабақтың әдісі психологиялық жаттығулар , тапсырмалар және ойындар арқылы өтті. Тренинг барысында «Қорқыныштың түрлері», « Жедел жәрдем», «Ирек жол», «Үш парақ»  сияқты тақырыптарда жаттығулар орындалды. Берілген тапсырмаларды орындау барысында өздерін еркін ұстап, толғандырған сұрақтарын қойып жауабын алды. Осы жаттығуларды орындау арқылы оқушылар өз бойындағы түрлі қорқыныштардан ,үрейден, теріс көзқарастардан арылды.  Сонымен қатар оқушыларға психологиялық кеңестер берілді. Тренинг – жаттығулар барысында оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, өздеріне деген сенімдері арта түсті.

Қаңтар айында ШТУР әдістемесі бойынша мектептік ақыл-ой деңгейін анықтау мақсатында 10 сынып оқушыларынан тест алынды. Талдау нәтижесі бойынша жалпы оқушылардың ақыл-ой  дамуы орташа деңгейді көрсетті. Тапсырманы орындау барысында қиналған оқушылар болды, тапсырманы толық орындаған оқушы болмады. Диагностиканы  қорытындылай келе орындау жалпы сыныптың деңгейі орташа деп бағаланды.

1-4 сынып оқушыларына арналған Т.В. Артемьева бойынша қабылдау мен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар өткізілді. « Тыңда және орында», « Бұзылған телефон»,

«Ассоциация»  және т.б. тақырыптарда ойын түрінде өтті.

Ақпан айында өзін- өзі тану пәнінің «Махаббат пен шығармашылық» атты онкүндігіне байланысты 5 сынып оқушыларына «Сүйіспеншілік – өмір негізі » тақырыбында рухани әңгіме сабағы өтті.

 

5-11 сынып ата- аналарына арналған «Кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында ата- аналар жиналысында баяндама оқылды. Баяндама барысында  ата- аналарға Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керек , зардаптары мен зияны туралы ақпарат  және кеңес берілді.

Ақпан айында 4 «а», «ә» сынып оқушыларынан жоспарға сай «Кактус» әдістемесі алынды. Бұл әдістеменің мақсаты: оқушының жеке ерекшеліктерін, жағымды және жағымсыз мінез бітістерін тану, анықтау.

Наурыз айында 7-11 сынып оқушыларына « Вейп- денсаулыққа өте қауіпті» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға электронды темекінің адам денсаулығына келтіретін зияны туралы ақпарат беру. Ақпарат беру  барысында оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету. Жас ұрпақ ел тізгінін берік қолға алу үшін дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым — біліммен жақсы қаруланған болуы шарт екенін ұғындыру.

Наурыз айында 11 сынып оқушыларынан «ҰБТ-ға дайындығың қалай?» сауалнамасы алынды. Сауалнама мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ға дайындықтарын , көзқарастарын, бойындағы қобалжу деңгейлерін анықтау.

5 сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты педконсилиум.

2021-2022 оқу жылында Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша қыркүйек айында педагогикалық- психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспары  жасалып бекітілді. Қыркүйек айында мектеп оқушыларының тұлғааралық ерекшелігін анықтау, қауіпті топқа жататын оқушыларды анықтау үшін алғашқы жұмыс диагностикалаудан басталды.  1 класс оқушыларына оқу-әрекеті алғышарттарының деңгейін, қол моторикасының даму деңгейін анықтау,баланың мектепке жалпы дайындығын анықтау барысында  «Керн-Йерасек» әдістемесі жүргізілген болатын. 

 

Нәтижесінде   1  класс оқушыларының  мектепалды дайындық дәрежесі қалыпты деңгейде, балалардың  танымдық процестері  жақсы  дамыған, олардың   психологиялық дамуы жас ерекшелігіне сәйкес келеді.

              1  класс оқушыларының мұғаліммен,бір-бірімен қарым- қатынасын анықтауға және оқушының сыныпқа бейімделуін анықтау мақсатында «Менің класым» жобалау әдістемесі алынды. Нәтижесінде оқушылардың сынып ұжымына бейімделуі жақсы деңгейде, бала үшін мұғалімнің маңыздылығы ерекше екендігі және  сынып ұйымшыл өзіндік пікірлері жоғары , көпшілікке қосыла алатындығы анықталды.

                Бастауыш сыныптарға арналған «Сергіту жаттығулары» тақырыбында тренинг сабақтары өтті.

Қыркүйек айында 9,10,11 сынып қыздарына арналған « Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында әңгіме сұхбат түрінде отырыс болды.

Қыркүйек айында Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Қыздар күні» Халықаралық онкүндігіне  орай  9,10,11 сынып қыздарына арналған «Өзіңді сыйлай  біл!» тақырыбында тренинг өткізілді

Ерекше назарды қажет ететін оқушылармен жоспарға сай жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Қазан айының басында 5 сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтау мақсатында Н.Г.Лусканованың «Мектептік мотивация» әдістемесі алынды. әдістеме нәтижесі бойынша қатысқан оқушылардың жартысы орташа деңгейді көрсетті, яғни  оқушылардың мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өз бетінше орындайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; бірақ бақылауды талап етеді; сабаққа қызығушылықпен дайындалады; кластағы көп оқушылармен достық қарым-қататынас жасайды. Ал оқушылардың жартысы жоғары деңгей, яғни оқушылардың  мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; класта жоғары мәртебеге ие.

Сонымен қатар 5 сынып оқушыларынан « Менің класым» жобалау әдісі алынды. Мақсаты; оқушылардың мұғаліммен,бір- бірімен қарым- қатынасын анықтауға және оқушылардың орта буынға  бейімделуін анықтау болатын. Нәтижесінде оқушылардың сынып ұжымына бейімделуі жақсы деңгейде, бала үшін мұғалімнің маңыздылығы ерекше екендігі және  сынып ұйымшыл өзіндік пікірлері жоғары , көпшілікке қосыла алатындығы анықталды.

          Қазан айында 6-7-8 сынып оқушыларынан «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» сауалнамасы алынды. Сауалнама барысында оқушыларға нақты сұрақтардан құралған сауалнама таратылып, нәтижелері шығарылды. Сауалнамаға барлық оқушы түгел қатысты. Нәтижесінде  отбасында және мектептегі зорлық-зомбылық факторлары байқалған оқушылар анықталған жоқ.

Түзету-дамыту бағыты бойынша 6-7 сынып оқушыларына «Эмоциялар мектебі» тақырыбында тренинг сабағы өтті. Мақсаты; балалардың көңіл-күйін көтеру, бір–біріне достық қарым- қатынас, көңіл бөлу және қамқорлық жасауға тәрбиелеу, тапсырмаларды бірге орындау

Жоғарғы буын оқушылары, яғни 8,9,10,11 сынып оқушыларының мазасыздық деңгейін,  суицидке бағыттылығын  анықтау, жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «DASS» сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша барлық оқушылардың бойынан мазасыздықтың жоғарғы  деңгейі анықталған жоқ, тұрақты, бір қалыпты екенін көрсетті.

         Қазан айының соңғы аптасында «Мереке» психологиялық акциясы өтті. Акцияның мақсаты; сынып оқушыларын топтастыру, бірігу, ұйымшылдыққа үйрету.

Сонымен қатар соңғы аптада ата- аналар жиналысында «Отбасында толерантты мінез- құлықты қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқылды.

Қазан айында мұғалімдермен «Ұжымдық жіп» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты; ұжымды ауызбіршілікке, бір-бірімен жағымды қарым- қатынас жасауға, өз бойындағы жағымсыз жағынан арылуға дағдыландыру.

Сәуір айында 4 сынып оқушыларының бейімделу процесіне байланысты психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: 4-ші сынып оқушыларына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету. Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру.

 

Сәуір айында 11 сынып оқушыларынан ҰБТға дайындық алдындағы көңіл күйлерін анықтау мақсатында  сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша жабырқау көңіл күйде жүрген оқушы аныталмады.

Сонымен қатар, наурыз айында аудандық білім бөлімінің бұйрығымен Жасөспірімдердің арасындағы суицидтің алдын алу бойынша  білім алушылардың арасындағы жабығу, жабырқау белгілері бар оқушыларды анықтау, өмірге қанағаттану сезімін анықтау, мазасыздығын анықтап, эмоциялық күйді реттеуге үйрету, түзету -дамыту жұмыстарын іске асыру, өмірге позитивті көзқарас қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушыларынан «НСВ-10»  сауалнамасы алынды. Саулнама нәтижесінде суицидке бейімділігі бар оқушы анықталған жоқ.

Наурыз айында 7-10 сынып оқушыларына «Буллинг» және «Кибербуллинг деген не?» тақырыптарда (Wathsap желісі арқылы)  ақпараттандырылып, кеңес берілді. Мақсаты; «Буллинг» және «Кибербуллинг »  сөздерінің мағынасын түсіндіріп, алдын алу мақсатында оқушыларға кеңес беріп, ақпараттандыру.

Ақпан айында 5-6 сыныптарға арналған «Ізеттілік сәулесі» тақырыбында психологиялық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты; балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра оырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Ақпан айында 11 сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайын тексеруге арналған сауалнама алынды.  Сауалнама қорытындыланып, нәтижесінде оқушылармен сұхбат жүргізіліп, кеңес берілді.

Наурыз айында 1-11 сынып ата- аналарына «Буллинг» және «Кибербуллинг деген не?» тақырыптарда (Wathsap желісі арқылы)  ақпараттандырылып, кеңес берілді. Мақсаты; «Буллинг» және «Кибербуллинг »  сөздерінің мағынасын түсіндіріп, алдын алу мақсатында ата аналарға кеңес беріп, ақпараттандыру. Буллинг (bullying.ағ.)- ағылшын тілінде қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллингтің негізгі төрт түрі бар:  күш көрсету, сөз формасында, relational буллинг және кибербуллинг. Осы төрт түріне жеке-жеке тоқталып, анықтама берілді.

Қаңтар айында 11 сынып оқушыларынан мамандық таңдауға дайындығын анықтау үшін сауалнама алынды. Сауалнамаға оқушылар түгел қатысты. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың барлығы дерлік өз мамандықтарын таңдаған, өздеріне сенімді. Таңдаған мамандықтары туралы ақпарат жинаған. Оқушылардың көбісінің таңдау себебі  материалдық қызығушылық екені көрсетілген. Сонымен қатар таңдаған мамандықтарының зиянды тұстары мен жағымсыз тұстарынан хабардар екен. Жалпы оқушылар мамандық таңдау барысында өз еріктерімен таңдаған және өздеріне сенімді.

Қаңтар айында 11 сынып оқушыларына арналған «ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары» тақырыбында  кеңес берілді. Кеңес берудің мақсаты: оқушылардың тиімді жолмен дайындалуларына көмек беру. Кеңес беру барысында жалпы ҰБТга тиімді дайындалу жолдары, алдыға мақсат қоя білу және сол мақсатқа жету үшін жасалатын жоспарлы әрекеттер туралы ақпараттар берілді. Ынтаны арттыру жолдары, ҰБТға дайындық кезінде кездесетін проблемаларды шешу жолдары туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар дұрыс дайындалу жолдары мен қайталау жұмысының пайдасы туралы ақпарат берілді. Және оқушылар өздерінің жеке сұрақтарына жауап алды.

Қаңтар айында бастауыш сынып оқушыларынан ойлау процестерін зерттеу әдістемесі алынды. Әдістеме мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін зерттеу.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг жаттығулар өтті. Тренинг мақсаты оқушылардың көңіл күйлерін көтеру, жеке және жас ерекшеліктерін, қабілетін айқындау, рухани адамгершілік қарым қатынасын қалыптастыру.

Желтоқсан айында 8-11 сынып оқушыларына   «Әлеуметтік желі» зияны тақырыбында қашықтықтан (Ватсап желісі арқылы) ақпарат беріліп, психологиялық кеңестер берілді. Мақсаты оқушыларды Бүкіләлемдік өрмек -интернетке байланысты ақпараттандыру және кеңес беру. Әлеуметтік желінің зияны туралы ақпарат беру.

Қараша айында мектеп психологы Искакова А.С. 5-ші сынып оқушыларынан орта буынға бейімделу деңгейін анықтау әдістемесін өткізді. Сонымен қатар ата- аналарға арналған     « 5-ші сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері» тақырыбында (Wahtsap желісі) арқылы слайд түрінде ақпарат жіберілді.

  

Қараша айында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Достаса аласыз ба?» тақырыбында тренинг жаттығулар өткізілді.

 

Желтоқсан айының басында ата- аналар  (Wahtsap желісі) арқылы «Қауіп- қатер жөнінде балалардың естеріне салу ата-аналардың міндеті» тақырыбында зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында ақпараттандырылды.

Сонымен бірге 5-11 сынып оқушыларынан зорлық -зомбылықтың алдын алу мақсатында сауалнама алынды.

Желтоқсан айында 11 сынып оқушыларына «ҰБТ- ға дайындық барысында дайындалудың тиімді жолдары» тақырыбында қашықтықтан (Wahtsap желісі) арқылы психологиялық кеңестер берілді.

Және 11 сынып ата- аналарына «ҰБТ- ға дайындық кезінде отбасында балаға жағымды психологиялық жағдай туғыза аласыз ба?» тақырыбында кеңестер беріліп, тренинг өткізілді. Сонымен қатар сауалнама алынып, «Баланы қалай қолдау керек?» тақырыбында жадынама таратылды.

 

Есіміңіз (міндетті түрде)

E-mail (міндетті түрде)

Тақырыбы

Хабарлама мәтіні