Әлеуметтік педагог

Хромтау аудандық білім бөлімінен азқамтылған отбасынан шыққан 68оқушыға жаңа жылдық сыйлық таратылып жатыр, ата-аналары алғыстарын білдіруде

Жаңа жылдық «Аяз атаға хат» акциясынан ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар Давлеталинова Даяна мен Аринаға Ноутбук тәтті пакетімен қоса сыйға берілді. Сыйлық оқушылардың арманында жүрген, хатқа түйген заттары

АӘК алатын отбасынан Оңдасын Айгерім Президент атындағы шыршаға барып сыйлыққа рюкзак толы тәттілер, кітап және 120 000ақшалай сыйлық алды құтты болсын, жаңа жыл мол несібесімен келсін.

Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары 2023-2024 оқу жылы(6) (1)-сжатый

Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы.

Бөгетсай МГ ӘП жылдық есеп 2024

Адам құқығы- бала құқығы docx

Бөгетсай мектеп-гимназиясы әлеуметтік педагогінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2 ақпан күні 9 а, ә сыныптарына арналған« Буллинг сауалнама» алынды. Сауалнама нәтижесі қорытындыланып, кемшіліктерді түзеу жұмыстары жоспарланды. Жалпы оқушыларға буллинг бойынша түсінік берілді

Бөгетсай мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 13ақпаны күні өгей ата-аналармен тұратын оқушылардың тұрмыс жағдайын бақылау үшін мектеп-гимназия әкімшілігімен және класс жетекшілермен біріккен рейд ұйымдастырылды. Максаты: балалардың тұрмыс жағдайларын бақылау. Жалпы алғанда тұрмыс жағдайлары жақсы, отбасылық қарым-қатынастары жағымды, санитарлық талаптарға сай болды.

мектепке жолдың стендіне

жылдық жоспар 2022

Педагогикалық қолдау жоспары

ДТЖЖО,әлеу.пед.псих-тың біріккен жоспары 2021

Хромтау ауданы Бөгетсай ауылының әкімі жаңа жыл қарсаңында Бөгетсай мектеп-гимнзиясының даярлық тобының 19 оқушысына жеке өз атынан жаңа жылдық сыйлық әзірлеп бүгін табыс етті. Тәтті толы сыйлық алған оқушылар алғыс білдіруде. Тамаша көңіл күй сыйлаған ауыл әкіміне ризашылығымызды білдіре отырып, жұмысына жеңіс, отбасына амандық, бақытты ұзақ өмір тілейміз

«Бөгетсай мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің  әлеуметтік педагогінің 2020-2021  оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары.

 Әлеуметтік педагогтың түйінді мәселесі:

Мектеп – гимназияда білім беруді әлеуметтік жағынан жетілдіру,рухани және дене жағынан дамыған азамат қалыптастыру,білім алушының қажеттілігін қанағаттандыру,мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, заман талабына сай білім беру.

Мақсаты:

Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, кез келген жағдайда өзара қарым-қатынас жасай алатын, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін әлеуметтенген тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Оңтайлы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, соның негізінде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына баса назар аударуға, тәрбие сағаттарын ұйымдастыруға сынып жетекшілерге жәрдемдесу;
  2. Оқушылырдың психологиялық-педагогикалық дамуын үнемі зерттеп, бақылауға алу;
  3. Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру, оқу барысындағы коррекциялық тізімдегі және басқа оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;

      4.    Әлеуметтік жағдайы нашар, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларын анықтап, оларға көмек көрсету;

               Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары,  жылдық есебі

Іс –шаралар атауы Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
  Профилактикалық жұмыс  
1 Аз қамтылған,көп балалы,жартылай жетім отбасындағы оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету.”мектепке жол акциясын ұйымдастыру. 01 тамыз- 30 қыркүйек  Қолдау көрсетушілермен жұмыс акциясының ашылуы. Әлеуметтік педагог,сынып жетекшілер,тәрбие-ісінің орынбасары. Директор жанындағы отырыс.
2 Оқушылардың тамақ-тануын ұйымдастыру    01.08.-01.09 Қамқоршылық кеңеспен жиналыс  Әлеуметтік педа-гог,тәрбие ісінң оынбасары,директор Құжаттарды тіркеу
3 1 сынып оқушылары-ның”Жанұяны алғаш зерттеу” актісін толтыру.    55 -30  қыркүйек    Әлеуметтік педагог,сынып жетекшілер. Зерттеу құ-жаттарын жеке іс-құ-жаттарына салу.
4 Оқушылардың тұрғын-үй жағдайын тексеру ,ата-аналарымен келісе отырып, тұрғылықты жеріне бару.    07.09.20. 21.09.20. Әңгімелесу,кеңес беру. Әлеуметтік педагог Актілерді жеке іс папкаларына салу
5 1 сыныптың әлеуметтік картасын жасау     21-29 қыркүйек  Мектептің әлеуметтік паспортын түгендеу . Әлеуметтік педагог   Директор жанындағы кеңес

                                                                 ІІ.Жалпы отбасымен жұмыс

 Іс -шаралар Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
1 Статустағы оқушы-лардың үй-тұрмыстық жағдайын бақылау   05.10.20. 19.10.20. Зерттеу параметрлерін түзету Әлеуметтік падагог,сынып жетекшілер Акті жазу  
2 Ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым-қатынастың басты аспектілері   14.10.20 Ата-аналар жиналысы Әлеуметтік педагог,психолог Ата-анамен байланыс журналын толыру  
3 Оқушылардың өзін-өзі құрметтеу,оң көз-қарасты қалыптастыру 21.10.20. Зерттеу және оқушылармен тренинг 1-2 сынып Әлеуметтік педагог,психолог Құжаттарды тіркеу      
4 Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау     Жыл бойына Күнделікті сараптама   Әлеуметтік педагог,сынып жетекшілер,медбике.  

    III — Оқушылармен жұмыс

 Іс -шаралар Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
1 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша 6-қараша Тәрбие сағат Әлеуметтік педагог,тәрбие-ісінің орынбасары Құжаттарды тіркеу
2 Оқушылардың мінез-құлықтарындағы жігерліктерін,өзіне деген сенімділіктерін дамыту үшін   11-қараша   Оқушылармен тренинг 3-4 сынып Әлеуметтік педагог   Құжаттарды тіркеу
3 Мектеп бойынша тәртіп бұзуға бейім оқушыларды анықтау 20-қараша Бақылау барысында Әлеуметтік педагог,психолог Құжаттарды тіркеу
4 “Зорлық зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбында тренинг   26-қараша Тренеинг Әлеуметтік педагог,психолог Құжаттарды тіркеу
 Іс -шаралар Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
1 Үйде оқытылатын оқушылармен байланыста болу,үй аралау 07.12.2020. 21.12.2020 Жеке әңгіме құру Мектеп әкімшілігі  
2  “Жылы жүрек” қайырымдылық акциясы 8-9 желтоқсан  Қайырымдылық акциясы Әлеуметтік педагог,тәрбие-ісінің орынбасары Құжаттарды тіркеу
3  Оқушыларды облыс-тық,аудандық жаңа жылдық әкім шырша-ларына қатыстыру 18-желтоқсанға дейін  Сұраныс жазу Әлеуметтік педагог, тәрбие ісінің орынбасары Құжаттарды тіркеу
4  Екінші жарты жылдыққа ыстық тамақпен қамтамассыз етілетін оқушыларды іріктеу 25-30 желтоқсан  Жиналыс қамқоршылық кеңеспен Әлеуметтік педагог,тәрбие ісінің орынбаса-ры, директор Құжаттарды тіркеу

Оқушылырдың тәрбиесі

 Іс -шаралар Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
1 Құқық бұзушылыққа қарсы оқушылармен “Құқық бұзуға жол жоқ”тақырыбында дөңгелек үстел  12-қаңтар Дөңгелек үстел Әлеуметтік педагог Құжаттарды тіркеу
2 Оқушылар арасында сыныптан тыс тәрбие сағаттарын өткізу  18-23 қаңтар Тәрбие сағаты Әлеуметтік педагог Құжаттарды тіркеу
3 Азқамтылған отбасы балаларына берілетін тағамдарды қадағалап тұру жыл бойы   Әлеуметтік педагог  
4 “Нашақорлық жанға қорлық” тақырыбында оқушылармен коференция 27-қаңтар Оқушылармен 7-10 сынып Әлеуметтік педагог Құжаттарды тіркеу
 Іс -шаралар Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
1  Отбасымен алдын алу шаралары: -жағдайы нашар отбасыларды анықтау; -үйіне барып тұру Кесте бойынша 05.02.20. 19.02.20. Тұрғын үй жағдайын анықтау Әлеуметтік педагог, ДТЖЖО,психолог, Кл.жетекшілер Акт толтырып, құжаттарды тіркеу
2  Қолайсыз отбасыларды анықтау және рейд жүргізу 08-12 ақпан Тізімін алу Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу
3  Жасөспірімдер арасын-да қылмысты болдыр-мау мақсатында кездесулер ұйымдастыру 17- ақпан Баяндама Әлеуметтік педагог, Құжаттарды тіркеу
4 Оқушылар арасында сыныптан тыс тәрбие сағаттарын өткізу 22-26 ақпан Тәрбие сағаты Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу
 Іс -шаралар Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
1 9 сыныптар арасында кәсіптік мамандық таңдауына әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу; 01-05 наурыз Баяндама Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу
2 Оқушылармен жұмыс. Тақырыбы: «Баланың жан дүниесі» 10-наурыз Баяндама Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу
3 Мерекелік шараларға қатысу. 15-19 наурыз Әр түрлі Әлеуметтік педагог Құжаттарды тіркеу
4 Жүркектен –жүрекке 22-наурыз Тәрбие сағаттары әр сыныпта Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу
 Іс -шаралар Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
1 Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау 05-09 сәуір Сауалнама Әлеуметтік педагог,психолог Құжаттарды тіркеу
2 Жүркектен –жүрекке 12-16 сәуір Тәрбие сағаттары   Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу
3 — «Мен және жанұям» тақырыбында сабақ өткізу. 19-23 сәуір Тәрбие сағат Әлеуметтік педагог Құжаттарды тіркеу
4 ЖӨИ (Жас өспірімдер инспекциясы) есебінде тұратын оқушыларды анықтау. 26-30 сәуір Әр түрлі әдіс Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу
 Іс -шаралар Өткізілу уақыты Өткізілу түрі Жауаптылар Нәтижесі
1 Мерекелік іс-шараларға қатысу   1-7 мамыр Әр түрлі Әлеуметтік педагог,психолог Құжаттарды тіркеу
2  Патриоттық тәрбие сағаттарына қатысу 10-14 Мамыр Тәрбие сағаты Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу
3 Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру 17-22 мамыр   Әлеуметтік педагог Құжаттарды тіркеу
4 Әлеуметтік педагог қызметінің жылдық жұмыс нәтижесінің қорытынды есебін жасау. 25-29 мамыр   Әлеуметтік педагог,сынып жетекші Құжаттарды тіркеу

Әлеуметтік педагог:                            Г.Р.Хасенова