Кәсіптік бағдар

кәсіби бағдар жылдық жоспары

Бөгетсай мектеп 9 сынып түлектер саны (1)

Бөгетсай мектеп 11 сынып тулектер саны

Бөгетсай тек Грант иегерлері 2022-2023

2024 жылдың 8 қарашасы күні «Болашаққа жолдама» кәсіби бағдар беру жобасын жүзеге асыру мақсатында «Мен және мені қызықтыратын мамандықтар» атты облыстық сырттай үздік эссе байқауының аудандық кезеңі болып өтті.
10 ә сынып оқушысы Асқарқызы Асел ІІ орын, 10 а сынып оқушысы Әбдіжаппар Гүлфайруз ІІІ орынға ие болып. Жұмыстары үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолдама алған болатын
Облыстық кезең нәтижесінде Асқарқызы Асел және Әбдіжаппар Гүлфайруз Алғыс хат ие болды. Жетекшілері: Маханалина Б.Р. Школова Г.Б

Тақырыбы: «Кәсіби бағдар минуталарын өткізу» тәрбие сағаты 1 сынып.
Мақсаты: Мамандық әлемінен ақпарат алу. Оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтау, өзін мамандықтар әлемінде таба білу, өзінің қоғамға қажетті адам екеннін сезінуіне жағдай жасау. Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту

Кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша 5-сыныпта «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Молдашева А.Х

18 қазан күні кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сай 8 сынып оқушыларынан мамандықты таңдауды анықтау үшін оқушыларға арналған сауалнама алынды. Мақсаты: Жеке тұлғаның сан алуан мамандықтарға деген ынта ықластарын анықтау, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүнитанымын кеңейту. Білім алушылардың саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету. Оқушылардың бойында ішкі психологиялық- әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу. Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын, кәсіпті өз бетінше , саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып таңдауға тәрбиелеу.

 

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
14 қазан күні оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу, жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында 10-11 сынып оқушыларына Кәсіби бағдар беруші маман ретінде ақпараттық сағатын өткіздім. Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу шарттарымен таныстырып, қосымша ақпарат берілді. Мамандық дұрыс таңдау болашақтағы жетістіктің кепілі!

«Мамандығым-болашағым» жобасы аясында
Мектебіміздің 9 сынып оқушылары Edunavigator сайты арқылы кәсіптік диагностикадан өткізілген болатын. Тест нәтижесінде оқушылар өздерінің дағдылары, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап алды.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне
икемділік қажет,
бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес,
үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
Ж.Аймауытов)


Кәсіби бағдар беру кабинетінің «Кәсіптік бағдар болашаққа жол» атты онкүндіктің алғашқы күні сыртқы ортамен байланыс жұмыстары бастау алды. 2024 жылдың 10 қаңтарында Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – технткалық колледжінің ұстазы Бимагамбетов Аскар Жумаханович колледждегі мамандықтар туралы, колледжде студенттер үшін оқушыларға берілген мүмкіндіктер туралы таныстырды.

 

«Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс өалау.
Ең қиын мамандық – адам болып қалу»
(Х.Х.Марти)

Кәсіби бағдар беру кабинетінің «Кәсіптік бағдар-болашаққа жол» атты онкүндік жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 11 қаңтарында 9-11 сынып оқушыларынан «Профиль» сауалнамасы алынды. Аталған сауалнама мақсаты оқушының қай салаға бейім екендігін анықтау. Оқушылар сауалнаманы орынддап қздерінің қай салаға бейім екендіктерімен танысты.

«Мамандықты дұрыс таңдау-ол
өмір жолынның сәттілігінің негізі»
(Э.Ф.ЗЕЕР)

Кәсіби бағдар беру кабинетінің «Кәсіптік бағдар-болашаққа жол» атты онкүндік аясында 2024 жылдың 19 қаңтар күні «ПРОФИ TIME» мамандықтар әлемінде конференциясы өтті. Аталған шара мақсаты Қазақстандағы оқу орындарының сайттары туралы ақпарат беру. Соның ішінде «QAZAQSTANNYN JANA MAMANDYKTAR MEN QUZYRETTER ATLASY» бойынша мамандықтар атласы мен жұмыс жасау жүйесі түсінддіріліп өтті.

2022-2023 оқу жылында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 11-сынып түлегі Жаңаберген Жанболат «Алтын белгі»-ге ие болды. Ағымдағы жылы Астана қаласы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
«Электр техникасы және энергетика»
мамандығы бойынша грант иегері атанды. Құттықтаймыз!


 2022-2023 оқу жылында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 11-сынып түлегі Жасқайратқызы Асылжан «Алтын белгі»-ге ие болды. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласы,
Қ.Жұбанов атындағы университетінің
«Азық- түлік өнімдерінің өндірісі «
мамандығы бойынша грант иегері атанды. Құттықтаймыз!


 2022-2023 оқу жылында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 11-сынып түлегі Рахымжан Көркем «Алтын белгі»-ге ие болды. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы университетінің «Информатика пәні мұғалімі»
мамандығы бойынша грант иегері атанды. Құттықтаймыз!


 2022-2023 оқу жылында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 11-сынып түлегі Нұржан Даяна «Алтын белгі»-ге ие болды. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің «Химия»мамандығы бойынша грант иегері атанды. Құттықтаймыз!


 2022-2023 оқу жылында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 11-сынып түлегі Құбайдолла Айбек «Алтын белгі»-ге ие болды. Ағымдағы жылы Астана қаласы, Л.Н.Гумилев ат.Еуразия ұлттық университетінің «Электр техникасы және энергетика»мамандығы бойынша грант иегері атанды. Құттықтаймыз!


2022-2023 оқу жылында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 11-сынып түлегі Орал Махаббат «Алтын белгі»-ге ие болды. Ағымдағы жылы Астана қаласы, Астана Халықаралық университетінің «Екі шет тілі»мамандығы бойынша грант иегері атанды. Құттықтаймыз!

2022-2023 оқу жылында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 11-сынып түлегі Абуғали Абзал «Үздік аттестат»иегері болды. Ағымдағы жылы Алматы қаласы, Әл -Фараби ат.Қазақ ұлттық университетінің «Электр техникасы және энергетика»мамандығы бойынша грант иегері атанды. Құттықтаймыз!

Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша анализ

Бөгетсай МГ 11 сынып оқушыларының 2023 жылы оқу орнына түсуі туралы мәлімет

2023 жылғы 9-сынып бітірушілерінің еңбекке орналасуы туралы мәлімет

Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша 2023 -2024 оқу жылына арналған жылдық жоспар (1)

2023 жылдың 15 наурыз күні кәсіби бағдар беру кабинетінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған кезекті шара «Ғылым» күніне орай «Ғылымның кілтін тапқандар…» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге Бөгетсай дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Дүйсембекова Қуаныш Дүйсембекқызы және Бөгетсай мектеп -гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі,зейнеткер ұстаз Кусейнова Ажар Жайлхановна ғылым саласы,күнделікті өмірмен байланыстылығы , оқу- білім ,жетістіктер туралы сонымен қатар өз мамандықтары туралы әңгімелеп, өткен тарихтарынан сыр шертті. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып , жауап алды . Кеш соңында мектеп өнерпаздары мерекелік ән шашу ретінде әуелетіп ән шырқап,би биледі . Мектеп директорының бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Азель Исатайқызы келген қонақтарға мектеп әкімшілігі атынан ризашылығын білдірді.

2023 жылдың 24 қаңтарында 9-11 сынып оқушыларына кинотеатр ұйымдастырылды. Оқушыларға «Военный ныряльщик» кинофильмі ұсынылды.

2023 жылдың 23 қаңтары күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Дастархан әзірлеу» сайысы ұйымдастырылды.
1 орын- 8″а» сынып
2 орын- 11 сынып
3 орын -8″ә» сынып

2023 жылдың 19-қаңтарында «Кәсіби бағдар беру-болашаққа жол «кәсіби бағдар беру апталығы аясында мектеп психологымен бірлесе отырып 9,11-сынып оқушылары арасында «Мамандық әлеміне саяхат»атты тақырыпта тренинг өткізілді. Ұйымдастырушылар:
Мектеп психологы:
Искакова А.И.
ДБОЖЖО
Джанкулова А.И

2023 жылдың 17-қаңтарында «Кәсіби бағдар-болашаққа жол» атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында 11-сынып оқушылары арасында «Профиль»әдістемесі сауалнамасы алынды. Сауалнама мақсаты оқушының қай мамандыққа деген бейінділігін анықтау.

2023 жылдың 18-қаңтарында «Кәсіби бағдар беру-болашаққа жол» кәсіби бағдар беру апталығы аясында 4-сынып оқушылары арасында «Мен кіммін?» атты іскерлік ойын өткізілді. Мақсаты: әртүрлі мамандықтармен таныстыру. Танымдық деңгейін арттыру. Ұйымдастырушы: ДБОЖЖО
Джанкулова А.И.

 

Ағымдағы жылдың 20-тамызында педагогтардың аудандық панельдік отырысында «Мектеп оқушыларының кәсіби бағдар беру жұмысын жоспарлау және оны іске асырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары А.И.Джанкулова семинар өткізді

«Талант -табиғаттан, талап өзіңнен»
2021 жылы Елбасының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталған Құлбараков Әскербек Ибраимұлымен кездесу
#ҰлыДалаӨркениеттер

Облыстық «Зерде» ғылыми жобасының III орын жүлдегерлері 1,4-сынып оқушылары Аманкелді Нұрзила, Жанибекова Айым. Жетекшісі : Кусейнова Ажар Жайылхановна.

Облыстық «Зерде» ғылыми жобасының III орын жүлдегерлері 3-сынып оқушылары Аршанова Ақерке, Мырзағалиева Айя. Жетекшісі : Талдықбаева Айгуль Сериковна

2022жылы мектептен тыс білім беру орталығы ұйымдастырған аудандық «Қолөнер -зор өнер-2022» көрмесінде оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
«Бабадан қалған қолөнер»бағыты бойынша 🥇орынға ие болған 5-сынып оқушысы Қайырбай Перизат. Жетекшісі: А.С.Елемесова
«Жарамсыз заттар -іске»бағыты бойынша 🥈орынға ие болған 9-сынып оқушысы Темір Мадияр . Жетекшісі:
Н.Б. Оразымбетов
«Жарамсыз заттар -іске»бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Абилгазимова Айгерім . Жетекшісі : А.С.Елемесова
«Шебер жерде өнер көп»бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Мырзағалиева Айша 🥈орын . Жетекшісі: А.С. Елемесова
«Бабадан қалған қолөнер»бағыты бойынша 🥉орынға ие болған 7-сынып оқушысы Қабдоллаұлы Диас . Жетекшісі: Н.Б. Оразымбетов .
Құттықтаймыз!
#кәсібибағдарберу

2022жылы 16-ақпанда «Ақтөбе-Дарын»өңірлік ғылыми -тәжірибелік қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған облыстық «Шежірелі өлкемнің тарландары»облыстық зерттеу шығармалары мен мақала байқауына мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жаңаберген Жанболат қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі : Маханалина Б.Р. Құттықтаймыз!
#кәсібибағдарберу

2022жылдың 22 ақпанында аудандық мектептен тыс білім беру орталығы ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай аудандық ән байқауында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
БАС ЖҮЛДЕ
7-сынып оқушысы Әбдіғалиева Инабат
🥇орын
1-сынып оқушысы Амангелді Нұрзила
🥈орын
6-сынып оқушысы Төлебай Асылай
4-сынып оқушысы Жандізер Дарын
Белсене қатысқаны үшін арнайы дипломмен
7-сынып оқушысы Искакова Айғаным
5-сынып оқушысы
Омар Зейнеп
Эстрадалық үйірме жетекшісі Ж.А.Сауанов арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Құттықтаймыз!
#кәсібибағдарберу

 

 

2022жылы «Ақтөбе-Дарын»өңірлік ғылыми -тәжірибелік қосымша білім беру орталығы ауыл оқушылары үшін ұйымдастырған облыстық «Табиғи ресурстарғы үнемділік-болашаққа сенімділік «онлайн жобалар байқауына мектебіміздің 10-сынып оқушысы Абуғали Абзал «Жасыл экономика -ақылды болашақ» бағыты бойынша қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!
#кәсібибағдарберу

3-4класс оқушылары арасында кәсіби бағдар беру кабинетінің ұйымдастыруымен «Мен таңдаған мамандық «атты суреткөрмесі өтті.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің туған өлкем — Қазақстан» атты аудандық сурет байқауының III 🥉орын иегерлері
Мырзағалиева Айша, 9-сынып оқушысы
Батырторы Батырбек, 9-сынып оқушысы
Тлеміс Мадияр, 9-сынып оқушысы.
Жетекшісі Оразымбетов Нұрлан Бошанович.

МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ НЕСІМЕН ҚЫЗЫҚТЫ?
11 сыныпта өткен тәрбие сағатынан.
Сынып жетекшісі: Маханалина Б.Р.

МЕНІҢ ҚЫЗЫҚТЫ СТУДЕНТТІК ШАҒЫМ
Мектебімізде 2021 жылғы түлектері, қазіргі таңдағы 1 курс студенттерімен кездесу кеші өтті.
Ұйымдастырушы: Аға тәлімгер Басауова Б.Ғ.

10-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру кабинетінің жұмыс жоспарына сай «Профиль» әдістемесі сауалнамасы алынды. Аталған сауалнама мақсаты сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, нұсқаулыққа сәйкес кәсіби қызығушылық саласын анықтайды. Оқушылар белсене қатысты.
#кәсібибағдарберу

25-қаңтар күні мектеп психологы А. С. Искаковамен бірлесе отырып, кәсіби бағдар беру кабинетінің жоспарынан тыс 9-класс оқушыларынан «Климов» диагностикалық сауалнамасы алынды. Аталған сауалнама мақсаты оқушының мамандықты айқын түріне бейімділігін анықтау. Аталған сауалнамаға 9-класс оқушылары толық қатысып, қорытынды анықтама жасалды.
#кәсібибағдарберу

Кеше яғни 19-қаңтар күні кәсіби бағдар беру кабинетінің ұйымдастыруымен «Өмірім өнеріммен өрнектелген» атты кездесу кеші өткен болатын. Аталған кездесу кешіне мектеп түлегі, Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенті, болашақ «Кино және әртіс» маман иесі, кешегі өткен республикалық «Жігіт сұлтаны-2021″байқауының жеңімпазы Жетписов Данияр Ерғазыұлы қонаққа келді.
Келген қонағымыз өзінің қызықты өмірін әңгімелеп, шығармашылық жолды таңдап отырған оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Сонымен қатар, «Жігіт сұлтаны-2021» байқауындағы қызықты сәттермен бөліскен Данияр Ерғазыұлы көптеген қазақстандық киноға түсіп жүргендігін әңгімеледі.
#кәсібибағдарберу


Кәсіби бағдар беру кабинетінің жоспары бойынша 8-желтоқсан күні «Кәсіпкер-іскер адам» тақырыбында ауылдағы «Толғанай» кафесінің иесі Айдын Төлегенқызымен дөңгелек үстел өтті. Аталған іс — шара мақсаты оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйрету, оқушылардың бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжым мен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға баулу.
Дөңгелек үстел барысында Айдын Төлегенқызы өзінің кәсіптегі жетістіктері туралы айтып, ИП ашу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі кездегі қоғамда сұранысқа ие бизнестер туралы атап өтті. Айдын Төлегенқызы мен өткен іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар қызықты

2- наурыз күні кәсіби бағдар беру кабинетінің жылдық жоспарынан тыс Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шыныктыру пәні мұғалімі, Бөгетсай орта мектебінің түлегі Алдоңғаров Нұржан Алдоңғарұлымен 9-11класс оқушыларына арналған «Спорт — өмірлік серігің!» атты кездесу конференциясы өтті. Іс-шара мақсаты алдын ала жүргізілген «Мен таңдаған мамандық» атты сауалнама нәтижесі бойынша дене шыныктыру пәні мұғалімі мамандығын таңдап отырған болашақ түлектерге көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алу болды. Аталған мақсат орындалып, кездесу қызықты өтті. Келген қонақ өзі оқыған мектебіне экскурсия жасап, аталған мамандықты таңдап отырған оқушыларға волейбол ойынынан шебер — класс көрсетіп, естелік суреттерге түсті.
Ұйымдастырушы Джанкулова Азел Исатайкызы

Ақтөбе облысының 11-сынып оқушыларының Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті онлайн кездесу өтетіндігін хабарлайды. Барлық 11-класс оқушылары zoom платформасы арқылы жіберілген кесте бойынша кездесуге қатысуларыңыз сұралады?!

Бөгетсай мектеп-гимназиясының кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша жылдық жұмыс жоспары

Іс-шара атауы Класы Түрі Мерзімі Қатысушылар Жауапты  
1 «Кәсіптік бағдар берудің мазмұны және мәні» Педагогика -лық кеңесте баяндама Тамыз Мұғалімдер Джанкулова А.И.  
2 «Мамандықтар әлемінде» 7-11 Стендттер жабдықталуы Қыркүйек Джанкулова А.И.  
3 «Кәсіптік бағдар беру- болашақтың кепілі» 9-11 Жалпы ата-аналар жиналысы Қыркүйек І аптасы Класс жетекшілер, , ата-аналары Джанкулова А.И.  
4 «Менің болашақ мамандығым» 7-8 Класс сағаты Қазан І аптасы Класс жетекшілер Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  
9-11 Қазан ІІ аптасы  
5 «Мамандықтар атласы» 7-8 9-11 Түсіндірме жұмысы Қазан ІІІ апта Қазан ІV апта Кеңес мүшелері , класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
6 «Мамандықтар классификаторы» 9-11 Семинар Қараша Кеңес мүшелері , класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
7 SAT \ IELTS\TOEFL 9-11 Түсіндірме жұмысы Мамыр Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
8 «Ата-анамның жұмысындағы 1 күн» танысу 7-11 Экскурсия Қараша Класс жетекшілер , ата-аналар Джанкулова А.И.  
9 SPOD \VUCA әдісі Түсіндіру Қыркүйек Класс жетекшілер, ата-аналар Джанкулова А.И.  
10 Сыртқы ортамен байланыс 9-11 Түсіндіру жұмыстары Жыл бойы Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
11 «Мен көретін фильмдер» 9-11 Тыңдалым Әр айда  1 рет Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
  Хромтау тау кен колледжіне саяхат 9-11 Экскурсия Дер кезінде Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
12 «Менің карьералық жоспарым» 7-11 Портфолио Жыл бойы Кеңес мүшелері Джанкулова А.И.
13 «Профиль әдістемесі» өткізу  әдістемесін класс жетекшілерге  түсіндіру Сауалнама Қыркүйек Класс жетекшілер Психолог Джанкулова А.И. Класс жетекшілер
14 «Профиль әдістемесі» 9-11 Сауалнама Қыркүйек Класс жетекшілер Психолог ,Джанкулова А.И.
15 «Гарднердің көптік зият теориясы»әдістемесін класс жетекшілерге  түсіндіру Тест Қыркүйек Класс жетекшілер Психолог ,Джанкулова А.И. Класс жетекшілер
16 «Гарднердің көптік зият теориясы» 7-11 Тест Қазан Класс жетекшілер Психолог Джанкулова А.И.
17 Жеке бейімділіктерін анықтау (Холланд) 7-11 Тест Желтоқсан Класс жетекшілер Психолог Джанкулова А.И.
18 Кәсіби дайындық  (Л.Н.Кабардова) 7-11 Сауалнама Қараша Класс жетекшілер Психолог Джанкулова А.И.
19 «Ұстаздық еткен жалықпас…» 9-11 Ұстаздармен кездесу кеші Қазан Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
20 «Тайм –менеджмент» 9-11 Сауалнама Қаңтар Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
21 «SMART» мақсат құру 7-11 Тренинг Ақпан Класс жетекшілер Джанкулова А.И. Психолог  
22 «Мамандығым мақтанышым» 9-11 Түлектермен кездесу кеші Қаңтар Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
23 «Мамандықтар сөйлейді» (өз мамандықтарын жарнамалау) 11 Конференция Наурыз Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
  Ауыл мекемелеріне саяхат  (Наубайхана, балабақша, жеке шаруашылық қожалықтар, мәдениет үйі) 7-11 Экскурсия Ақпан-Наурыз Класс жетекшілер Джанкулова А.И.  
24 «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» 9-11 Тренинг Сәуір Кеңес мүшелері Джанкулова А.И.