
Астана қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 8–11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыттағы техника секциясы бойынша ✅Бөгетсай мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Жандизеров Дарын сертификатқа ие болды.Жетекшісі: Джанкулова Азель Исатайқызы

✨ Өнерге толы жеңіс! ✨
«Театрдың ғажайып әлемі» аудандық байқауы нәтижесінде
Бөгетсай мектеп-гимназиясының оқушылары үздіктер қатарынан көрінді
«ҮЗДІК СЦЕНОГРАФИЯ»
«ҮЗДІК ҚЫЗ БАЛА БЕЙНЕСІ» – 7-сынып оқушысы Қапаш Нұрсұлу
Жетекшісі: Басауова Бану Габдулмажитқызы
Еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды
Оқушыларымызды және жетекшіні шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыстарыңыз арта берсін, өнер әлемінде алар асуларыңыз биік болсын!

✨ Жеңісті жаңалық! ✨
Өскемен қаласында өткен Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының республикалық кезеңі барысында
Аманкелді Асылайым Айбекқызы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – білім мен еңбектің, ұстаз бен шәкірттің бірлескен нәтижесі!
Жетекшісі: Школова Гүлназ Байпатшақызы
Ұстазымызды да шәкіртімен бірге шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жана берсін, алар асуларыңыз көп болсын!
Асылайымға алдағы уақытта тек биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Үлкен жетістік! Мақтанышымыз!
9-сынып оқушысы Аманкелді Асылайым
Қ.Бітібаева атындағы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға қатысып, жүлделі І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алған болатын.
Облыстық кезеңде де үздік нәтиже көрсетіп, І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Республикалық кезең Өскемен қаласында өтеді.
Асылайымды зор жетістігімен құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңде сәттілік, жоғары нәтиже және жеңіс тілейміз!
Білім бәйгесінде биік белестерді бағындыра берсін! ✨
Жетекшісі:
Школова Гүлназ Байпатшақызы

Жеңіс құтты болсын!
Аудандық Әбіш Кекілбаев оқуларының
сахналық қойылым бағыты бойынша
мектебіміздің театр үйірмесінің бір топ қатысушылары жүлделі ІІ орын иеленді.
Жас өнерпаздарымызды жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Жетекшісі:
Басауова Бану Габдулмажитқызы

Жетістігімізбен құттықтаймыз!
8-сынып оқушысы Санжар Аяулым
аудандық Ілияс оқуларының
✍️ «Қара сөз шебері» бағыты бойынша қатысып, сертификатқа ие болды.
Аяулымға шығармашылық табыс, білім жолында толағай жетістіктер тілейміз!
Жетекшісі:
Маханалина Бағдагүл Разақбергенқызы

Жетістігімізбен мақтанамыз!
8-сынып оқушысы Көпжасар Еркежан
республикалық Ілияс оқуларының аудандық кезеңінде ІІ орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Облыстық кезеңге қатысып, сертификатқа ие болды.
Сонымен қатар, аудандық Әбіш оқуларының
мәнерлеп өлең оқу бағыты бойынша ІІ орын иеленді.
Оқушымызға алдағы уақытта биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Жетекшісі:
Маханалина Бағдагүл Разақбергенқызы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
29 қаңтар күні өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Әбдіжаппар Гүлфайруз жүлделі мақтау қағазына ие болды.
Жетекшісі:
Байбақтина Н.Ү.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
29 қаңтар күні өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Орынбасар Кәусар жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жетекшісі:
Хасенова Г.Р.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
29 қаңтар күні өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Сөз шеберлері» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Төлебай Асылай жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жетекшісі:
Байбақтина Н.Ү.





