Ата-аналармен жұмыс

 Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Мақсаты: Балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сай «Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті сабақ өткізілді.  Сабақтың мақсаты: 1-ші сынып оқушыларында кездесетін қиындықтар мен өзгерістер кезіндегі ата ана тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерімен таныстыру, кеңес беру.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сай «Әр нәрсенің өлшемі бар….» тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті сабақ өткізілді.  Сабақтың мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының «Сенім арту-жетістік кепілі» тақырыбында бастауыш буын оқушыларының ата аналарына арналған кезекті сабағы өткізілді.            Сабақтың мақсаты: ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.                                         

 Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау » орталығының «Жақсыдан қашпа, жаманға баспа…» яғни  әлеуметтік желілер және интернет кеңістігі: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіз мінез-құлқы тақырыбында кезекті сабағы өткізілді.

Сабақтың мақсаты: ата-аналарды балалардың Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстың шарттарымен, әдістерімен таныстыру.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында » Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының ата- аналарына арналған кезекті сабағы өтті. Мақсаты: Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру

Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоғары буын ата-аналарына «Құмар ойындар-тәуелділік қақпаны» тақырыбында кезекті сабағы өткізілді.  Сабақтың мақсаты: ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту.   

                                                    

Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының » Баланың бас ұстазы- ата-ана» тақырыбында кезекті 5-9сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабағы өтті.

Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ұсынған «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Педагог-психолог Искакова А.С. және бастауыш сынып мұғалімі Уристемқызы Ж. ұйымдастыруымен «Отбасы- бақыт бесігі» тақырыбында кезекті сабақ өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.

Бөгетсай мектеп- гимназиясы» КММ бойынша «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» кабинетінің ашылу салтанатының анықтамасы 2023-2024оқу жылы

         2023-2024 оқу жылынан бастап «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты»  ұсынған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы » кабинетінің тұсаукесері өтті. Ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетуге арналған кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ауылдық округі әкімі аппаратының маманы және барлық сынып бойынша ата-аналар комитетінің мүшелері қатысып, салтанатты түрде Бөгетсай мектеп-гимназиясының директоры Бультенов Дастанбек Қожабергенұлы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Зейнеғалиұлы Әнуарбек ашып, өзінің ән шашуын арнады. Ата-аналар комитетінің мүшесі Шамшина Айдын кабинеттің ашылу салтанатына орай шашу шашып, ата-ана Бірімжарова Жамила мектеп әкімшілігіне алғыс айтып, ыстық ықыласын білдіріп, ақ батасын берді. Педагогикалық қолдау мақсаты- балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Негізгі міндеттің қатарында білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу және дамытудағы өзара іс-қимылын нығайту, отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.

Ата аналарды педагогикалық қолдау

2024 жылдың 21 ақпан күні Бөгетсай мектеп-гимназиясында ата-аналар комитетінің отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша төмендегідей сұрақтар қаралды:
1. Оқушылардың біріңғай мектеп формасы туралы.
2. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу бойынша ұсыныстар.
3. Құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі.
Отырыс барысында ағымдағы мәселелер де қаралып, талқыланды.

Бөгетсай мектеп-гимназиясында 25 қаңтар күні ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту.
Бұл іс-шарада ата-аналар өз балаларының сабаққа қатысын көрді, оқуға деген ынталарын, пәнге деген қабілеттерін байқады.
«Ашық есік» күніне барлығы 72 ата-ана қатысты.
#біртұтас_тәрбие

Мектебімізде биылғы жылы да ата-аналар спортакиадасы жалғасын тапты. Спортакиада 4 күнге жоспарланды. Әр топта әр кластан құралған ата-аналар қатысты. Топ 10 адам, оның ішінде 6 әйел, 4 ер адамнан тұрады. Бірінші күні әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті. Екінші күні ер адамдар арасында футболдан жарыс, үшінші күні ату мен арқан тартыс ұйымдастырылды, төртінші күні ер адамдар арасында асық атудан жарысса, әйелдер жағы бес тас ойынынын бір уақыт еске алып, бақ сынасты. Төрт күнге созылған ата-аналар спортакиадасы өз мәресені жетті. Команданың жалпы ұпайы есептелініп, нәтижесінде I орын «БІРЛІК» командасы , II орын «ТҰЛПАР » командасы , III орын «ДОСТЫҚ» командасы ие болды. Барлық қатысушы ата-аналарға мектеп әкімшілік өз алғыстарын білдіреді.

«Спорт-біздің отбасымыздың серігі» атты 2-4 класс оқушылары арасында спорттық ойындардан жарыс өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұбатқанов Ж.Т. пен тәлімгер Еркін А.Е. өткізді.

Мектеп жоспарына сәйкес класс жетекшілердің ата-анамен жұмыстары

     

Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары

2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: Бала, педагог, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі бірлігін қамтамасыз ету

 

Атқарылатын жұмыстардың мазмұны

Мерзімі

 

Жауаптылар

1

Жалпы ата-аналар жиналысы.

1. Жаңа оқу жылының басталауы. 2022-2023 оқу жылының ерекшеліктері.

Біріңғай мектеп формасы.

2. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі.

Жолдағы қауіпсіздік.

Оқу үрдісі кезінде оқушылардың ұялы телефон пайдалануына тиым салу.

Мектеп ережесімен таныстыру. Мектепке алып кіруге тыйым салынған заттар тізбесімен таныстыру.

3.«Мектепке жол» акциясының қорытындысы.

Ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайы

4. Ата-аналар комитетін сайлау.

5. Ағымдағы мәселелер. Сұрақтарға жауап.

Қыркүйек

ДТЖЖО Ергазина А.С.

 

2

Барлық кластарда  ата-аналар жиналыстарын өткізу. Ата-аналар комитетін сайлау. Ата-аналар чаттарының жұмыстарын ұйымдастыру.

Тамыз-Қыркүйек

ДТЖЖО Ергазина А.С.

Класс жетекшілер

3

Жалпы ата-аналар жиналыстары.

Барлық кластарда  ата-аналар жиналыстарын өткізу

Тоқсан сайын

ДТЖЖО Ергазина А.С.

Класс жетекшілер

4

«Отбасы  – бақыт мекені» Отбасы күніне арналған іс-шаралар кешені.

Қыркүйек

ДТЖЖО Ергазина А.С.

Класс жетекшілер

5

«Отбасы – бақыт мекені» класс сағаттары. 1-11 кластарда.

Қыркүйек

Класс жетекшілер

6

«Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында оқушылардың ата-әжелерінің қатысуымен тәрбие сағаттары.

Қазан

ДТЖЖО Ергазина А.С.

Класс жетекшілер

7

«Менің отбасымның құндылықтары» қолөнер бұйымдарының байқауы (күнделікті тіршіліктегі лайфхак).

Қараша

Елемесова А.С.

Оразымбетов Н.Б.

8

«Салауатты отбасы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай ата-аналар арасында мектепішілік спартакиада.

Желтоқсан

ДТЖЖО Ергазина А.С.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

9

Жалпы ата-аналар жиналысы.

1. Қәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі.

2. Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі. Кибербуллинг несімен қауіпті?

3. Адам құқығы – бала құқығы.

4. Ағымдағы мәселелер. Сұрақтарға жауап.

Қаңтар

Ергазина А.С.

 

10

«Біздің үйдің дәстүрлері» ата-аналардың қатысуымен  тәрбие сағаттары.

Ақпан

Класс жетекшілер

11

«Қош келдің, Әз Наурыз!» Наурыз мерекесіне орай оқушылар, ұстаздар, ата-аналармен бірлескен іс-шаралар кешені.

Наурыз

ДТЖЖО Ергазина А.С.

12

«Ата-аналар, сіздер үшін!» ашық есік күні

Сәуір

ДТЖЖО Ергазина А.С

Мектеп әкімшілігі

13

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шаралар кешені.

«Отбасылық эрмитаж»Халықаралық отбасы күніне арналған фото көрме.

«Отбасы – тәрбиенің ұясы» үлгілі ата-аналар шеруін өткізу. Ата-аналарды марапаттау.   

Мамыр

ДТЖЖО Ергазина А.С.

14

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған «Әкем, анам және мен – біз бақытты отбасы» отбасылық спорттық ойындар.

Мамыр

Аға тәлімгер

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

15

Жалпы ата-аналар жиналысы.

1. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы.

2. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру. Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде демалуы туралы.

3.Жазғы демалыс уақытындағы балалардың қауіпсіздігі.

4. Ағымдағы мәселелер. Сұрақтарға жауап.

Мамыр

ДТЖЖО Ергазина А.С.

16

Ата-аналарды кезекшілік жұмыстарына, мәдени көпшілік шараларға қатысуға тарту

Үнемі

ДТЖЖО Ергазина А.С.

Класс жетекшілер

17

Оқушылардың сабаққа қатысымы бойынша ата-аналармен байланыс.

Үнемі

ДТЖЖО Ергазина А.С.

Класс жетекшілер

18

Әр оқушының жағдайын зерделеу мақсатында үйлерін аралау жұмыстары.

Жылына 2 рет және қажеттілігіне қарай

ДТЖЖО Ергазина А.С.

Класс жетекшілер

Әлеуметтік педагог

Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша ата-аналар комитеті

 

            Төрайымы                 Туймебаева Алтынай Мадиевна

            Мүшелері                  Баекен Айнұр Мәдіғалиқызы

                                               Бакажанова Ботагоз Базарбаевна

 

Ата-аналар комитетінің міндеттері

  1. Мектептің педагогикалық ұжымы мен отбасының балаларға бірлесіп тәрбиелік әсерді белгілеу мақсаттарында отбасы мен мектеп арасында байланыстарды жан-жақты нығайту.
  2. Ата-аналар жұртшылығын мектептің өміріне белсенді қатысуға, ата-аналар мен халық арасында педагогикалық насихаттауды ұйымдастыруға тарту.
  3. Мектептің шаруашылық және оқу-материалдық базасын нығайтуда көмек көрсету.
  4. Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларды анықтауда және қорғауда көмек көрсету

Орындаған:  ДТЖЖО Ергазина А.С