«Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ – сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектептің «bogetsaimgtulek.kz» ресми сайтынан, мектептің инстаграм «bmg_bogetsay» және фейсбук «bogetsay.mektepgimnaziya@mail.ru» парақшаларынан көруге болады. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. ( 05.02.2024 ж — 13.02.2024 ж дейін)
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.
1 Биология пәнінің мұғалімі 17 сағат + кабинет меңгерушісі Қазақ тілінде оқытылатын Уақытша
Декрет.орыны 180000 тг – 200000 тг
2 Директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары 1 бірлік Қазақ тілінде оқытылатын Уақытша
Декрет.орыны
180000 тг – 200000 тг
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Осы Қағидадағы 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтінішг;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан – әрі ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санаты болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
11. Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х 480