Мектепте «Сұңқар» ер балалар клубының отырысы болып өтті.
Отырыс барысында ДТЖЖО Ергазина А.С. жалпы ер балалардың тәртібі, киім киісі және мектепте, қоғамдық орындарда өзін ұстау тәртібі туралы, қауіпсіздік шаралары туралы және оқушыларды көлік түрлерін жүргізу үшін қандай талаптар қойылатыны туралы түсіндіріп айтып, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға көлік түрлерін жүргізуге рұқсат етілмейді, ондай жағдайда орын алса кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналары жауапкершіліке тартылатынын ескертті.
Мектеп медбикесі Байжанова К.С. тазалық пен жеке гигиена, газдалған сусындардың, энергетикалық сусындардың зияндылығы туралы, вейп — электронды сигареталардың зияны туралы айтса, мектептің әлеуметтік педагогы Хасенова Г.Р. сөйлеу мәдениеті туралы, телефонмен сөйлесу мәдениеті туралы кеңестер берді.
Клуб мүшелері өз ойларын ортаға салып пікір алмасты.
