«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Бөгетсай орта мектебінің 1981 жылғы түлектері, яғни, Бөгетсай орта мектебін бітіргендеріне 40 жыл толған түлектер келіп, жылы лебіздерін білдіріп, мектепке қолдау көрсетті. 1981 жылғы түлектердің, мектептің 1997 жылғы түлегі Ташпенов Ғалымбек Жаксымұратұлының, мектептің 1998 жылғы түлегі Бультенов Дастанбек Қожабергенұлының және мектепті биылғы 2021 жылы аяқтаған түлектердің ата-аналарының демеушілігімен 230 000 теңгеге мектеп маңдайшасына көлемді жарықталатын әріптермен «Қош келдіңіздер!» жазуы жасақталды. Мектеп түлектеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз!