«М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ және «Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ арасындағы «Көмекtimes» мектеп-мектепке әдістемелік қолдау беруді жүзеге асыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ аясында М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында серіктестік арқылы пәнді оқыту мен оқу тиімділігін арттыру және ауылдық жерлерде тұратын дарынды балаларды қолдау көрсету мен қабілетін дамыту мақсатында «Мұғалімнің шеберлігі: мәселелер, іздеу, шешу жолдары» тақырыбындағы педагогикалық шеберлік сағаттары өткізілді. Шеберлік сағатына Хромтау ауданы Бөгетсай мектеп-гимназиясынан 15 мұғалім қатынасты. Шараны мектеп-интернат директоры Н.К.Аманов ашып, педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейі мен педагогикалық шеберліктерін шыңдау мақсатында мектептер арасындағы «КӨМЕКTIMES — мектеп — мектепке» тәлімгерлік технологиясы жобасын іске асыру жоспарымен таныстырып өтті. Шеберлік сыныптары білім беру саласындағы ынтымақтастық педагогикалық (білім беру) қызметтегі жаңа позитивтік өзгерістерге жету мақсатымен педагогтардың тәжірибе алмасуы негізінде жүзеге асырылды.