Мектебімізде Алаш қайраткерлерін дәріптеу мақсатында 5 класта «Алаштың ардақтысы — Әлихан Бөкейханов» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Шара барысында оқушылар Алаш партиясының бірінші төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы мәліметтер алды, Ә.Бөкейхановтың қоғамға, мемлекетке сіңірген еңбегі туралы біліп, танысты.