Мектебімізде бокс және қазақша күрес секциялары ашылды. Мақсаты: салауатты өмір салты қағидаларын шұғылданушылардың бойына сіңіру, аталған спорт түрлерімен шұғылдану үрдісін ұйымдастыру, оқушыларды жарыстарға дайындау. Оқушылар үшін арнайы жаттығу залдары да жасақталып, жабдықталды. Осы аптада секциялар өз жұмысын бастады.