🏆 Бөгетсай мектеп-гимназиясының жас зерттеушілері – ғылымдағы жарқын жетістіктерімен мақтан тұтады!

2025 жылдың 13 қазан күні өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде Бөгетсай мектеп-гимназиясының оқушылары өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

🌟 9-сынып оқушысы Айбат Мирас – «Физика» бағыты бойынша 🥇 І орын (жетекшісі — Кенжегарин Ақзат Айбатұлы);
📜 8-сынып оқушысы Жантерекова Нұрай – «Тарих» бағыты бойынша 🥈 ІІ орын (жетекшісі — Хасенова Галя Рахымжанқызы);
🌸 8-сынып оқушысы Санжар Аяулым – «Этномәдениеттану» бағыты бойынша 🥉 ІІІ орын (жетекшісі — Елемесова Алтыншаш Сегізбайқызы);
🌿 8-сынып оқушылары Көпжасар Еркежан мен Дүзбай Маржан – «Өлкетану» бағыты бойынша 🥉 ІІІ орын (жетекшісі — Андашева Гүлайым Дүзбайқызы);
📚 11-сынып оқушысы Әбдіғалиева Инабат – «Әдебиет» бағыты бойынша 🥉 ІІІ орын (жетекшісі — Маханалина Бағдагүл Разақбергенқызы);
🔧 8-сынып оқушысы Айбат Ислам – «Техника» бағыты бойынша 🥉 ІІІ орын (жетекшісі — Молдашева Алтыншаш Хайратовна).

💫 Бұл жетістіктер — жас зерттеушілердің табандылығы мен ұстаздарының еңбегінің жемісі!
Оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылығы мен ізденісі — мектеп беделін арттырып, жаңа белестерге жол ашуда.

👏 Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жас ғалымдарға — шығармашылық шабыт,
ұстаздарына — табыс пен толайым жетістіктер тілейміз!

#БөгетсайМектебі #ҒылымиЖоба #ЖасЗерттеуші #ҒылымБолашағы #Жеңіс #Мақтаныш #Шабыт #БілімЖолы