Бөгетсай мектеп-гимназиясында кезекті 3, 4,8,9-кластарына сабақ беретін пән мұғалімдері мен класс жетекшілердің директор жанындағы отырысы өтті. Отырыс мақсаты: Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі тестілеу жұмыстарының жүргізілуі.
Класс жетекшілер мен пән мұғалімдерінің алдынғы айда алынған тест жұмыстарының талдауы жасалып, ата-аналарға жеткізілді. Сонымен қатар, ата-аналарға itest.kz, edutest.kz платформалар арқылы электрондық түрде тест алынатындағы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілгендігі айтылады.
