2024 жылдың 20 ақпан күні Бөгетсай мектеп-гимназиясында Қамқоршылық кеңестің кезекті отырыс өтті.
Күн тәртібі бойынша төмендегідей сұрақтар қаралды:
1. Мектеп директоры Қамқоршылық кеңесі алдында есеп берді. Жыл бойы және 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдық бойынша оқу-білім сапасы, тәрбие жұмысы, әлеуметтік шаралар, мектеп психологының әлеуметтік педагогпен бірлескен жұмыстары, ұстаздардың, оқушылардың жетістіктері, марапаттар туралы айтылды.
2. Мектеп оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы.
3. «Мектепке жол» және қамқоршылық акцияларының қорытындысы.
Сонымен қатар, отырыс барысында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі, оқушылардың мектеп формасы туралы, алдағы мерекелік шараларды өткізу бойынша ұсыныстар айтылып, талқыланды.