ХАБАРЛАНДЫРУ.
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ
«Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ-де математика пәні мұғаліміне және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос орнына уақытша жұмысқа қабылдауға конкурс жарияланады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына енгізілген өзгеріс (ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 № 513) 3-тарау,1-параграф,11-қосымша (педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы) бойынша өтеді.
Мекеме атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы
Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ «Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері:
031103, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Бөгетсай ауылы, Н.Орынбаев көшесі 10A
Эл.поштасы: bogetsay.mektepgimnaziya@mail.ru
Телефон номері: 8/71-336/47-0-71
Негізгі фунционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және уақытша бос лауазымның атауы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен ( өзгерісі 31.03.2022ж.№ 121) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64,66 тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды.(ескеру)
Еңбек ақы мөлшері: 180000 (бір жүз сексен мың) теңге
Уақытша бос лауазымның атауы:
Уақытша қабылдау мерзімі: 1-жыл
Математика пәні мұғалімі-1;

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

Электрик-1;

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22 тамыз- 31 тамыз 2023жыл.
( хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі)
Конкурсқа қатысу үшін 22.08.2023 күні төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.
1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4)білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдарынан анықтама;
8)сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
9)бағалау парағы;
10)тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Құжаттарды тапсыратын орын: Қабылдау бөлмесі. 1-қабат
Хабарландыру мектептің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланды:
www.enbek.kz; g http://www.bogetsaimgtulek.edu.kz/; bmg_bogetsay/Instagram /парақшасында