Жаңалықтар Дек 1, 2022 28-қараша күні Хромтау аудандық білім бөлімінің шығыс хаты негізінде»Жаңа жылдық ойыншықтар» атты шығармашылық байқауының ережесіне сай 5-11 сынып оқушылары арасында «Жаңа жылдық ойыншықтар»байқауының мектепішілік кезеңі өткен болатын. Технология пәні мұғалімдері Н.Б.Оразымбетов, А.С. Елемесова, К.Ж.Бозтаева ойыншықтардың жасалу техникасына, эстетикалық талапқа сай екендігін бағалады. Үздік деп танылған ойыншықтар аудандық кезеңге қатысады.