Бөгетсай мектеп-гимназиясында 16 мамыр күні Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 02 ақпандағы Жарлығымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау мақсатында мектеп окушыларының қатысуымен семинар болып өтті. Семинарды ДТЖЖО Ергазина А.С. мен тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі Туйтенова Г.Б. өткізді. Шара барысында адалдық, әділдік, парасаттылық туралы сөз қозғалып, тақырып төңірегінде бейнероликтер көрсетілді.
