Мектепте кезекті «Сырласу» қыз балалар клубының отырысы «Жат нәрседен аулақ бол» тақырыбында өтті.
Отырыс барысында мектеп медбикесі Байжанова К.С. тазалық пен жеке гигиена, шаш күтімі, дұрыс тамақтану, газдалған сусындардың зияндылығы, тері аурулары туралы айтса, мектеп психологы Искакова А.С. буллинг, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік туралы кеңестер берді.
Клуб жетекшісі Елемесова А.С. жалпы қыз балалардың тәртібі, киім киісі және қоғамдық орындарда өзін ұстау тәртібі туралы, ДТЖЖО Ергазина А.С. қауіпсіздік шаралары туралы, соның ішінде, бейтаныс жерлерде, бейтаныс адамдармен абай болуға шақырады.
Мектеп кітапханашысы Есенгулова А.А. кітап оқу мәдениеті туралы баяндама жасады және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін шараларға тоқталып айтты.
Клуб мүшелері өз ойларын ортаға салып пікір алмасты.
