Бөгетсай мектеп-гимназиясында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны және 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбие сағаттары «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында санитарлық талаптарға сай болып өтті.
Білім күніне орай мектеп алаңы әртүрлі жалаушалармен, шарлармен безендіріліп, мектептің кіре берістегі бөлігіне «Кел, балалар, оқылық!» атты баннері ілінді.
Салтанатты жиынға 1 сынып оқушылары, ата-аналар (әр балаға 1 ата-анадан), ұстаздар қауымы қатысты. Салтанатты жиынның қонағы Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскері Қазиханова Бибигүл Бақытжанқызы мектеп ұжымын, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.
Мектеп директоры Бультенов Дастанбек Қожабергенұлы мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, былтырғы оқу жылындағы жақсы жетістіктерге тоқталды.
1 класс бүлдіршіндері дайындап келген өлеңдерін оқып, әндерін орындады.
Салтанатты жиын барысында 1 сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығы табысталды.
Салтанатты жиынның соңғы бөлімінде 2021 — 2022 оқу жылының алғашқы қоңырауын 1 сынып оқушылары соқты.