Жаңалықтар Фев 28, 2021 «М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ және «Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ арасындағы «Көмекtimes» мектеп-мектепке әдістемелік қолдау беруді жүзеге асыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ аясында М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында серіктестік арқылы пәнді оқыту мен оқу тиімділігін арттыру және ауылдық жерлерде тұратын дарынды балаларды қолдау көрсету мен қабілетін дамыту мақсатында «Мұғалімнің шеберлігі: мәселелер, іздеу, шешу жолдары» тақырыбындағы педагогикалық шеберлік сағаттары өткізілді. Шеберлік сағатына Хромтау ауданы Бөгетсай мектеп-гимназиясынан 15 мұғалім қатынасты. Шараны мектеп-интернат директоры Н.К.Аманов ашып, педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейі мен педагогикалық шеберліктерін шыңдау мақсатында мектептер арасындағы «КӨМЕКTIMES — мектеп — мектепке» тәлімгерлік технологиясы жобасын іске асыру жоспарымен таныстырып өтті. Шеберлік сыныптары білім беру саласындағы ынтымақтастық педагогикалық (білім беру) қызметтегі жаңа позитивтік өзгерістерге жету мақсатымен педагогтардың тәжірибе алмасуы негізінде жүзеге асырылды.
Жаңалықтар Фев 23, 2021 Бөгетсай мектеп-гимназиясында 5-8,9-11 класс окушылары арасында 2021 жылдың 23 ақпанында облыстық жаппай «Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз» тақырыбында диктант өткізілді.
Жаңалықтар Фев 15, 2021 🏆Жалпы білім беретін олимпиаданың аудандық кезеңіне Бөгетсай мектеп-гимназиясынан 33 оқушы қатысып, нәтижесінде 🥇1 орын — 1 🥈2 орын-4 🥉3 орын — 12 Жалпы 17 жүлделі орын, сапалық көрсеткіш 52 пайызды құрап отыр. 🎉🎉🎉Жүлдегер оқушыларды және олардың ата-аналарын құттықтаймыз!!! 🎊🎊🎊🎊🎊🎊
Жаңалықтар Фев 15, 2021 08 — 10 ақпан аралығында жалпы пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне оқушыларымыз қатысып жүлделі орындарға ие болды. 08 — 10 ақпан аралығында жалпы пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне оқушыларымыз қатысып жүлделі орындарға ие болды. Олар: Математика пәні бойынша : 🥇1 орын Ракымжан Көркем (облысқа жол...