29 қаңтар күні Бөгетсай мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру кабинетінің жоспарынан тыс Ақтөбе облыстық #1 өрт сөндіру орталығының командирі, мектебіміздің түлегі, 2021ж Елбасының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталған Құлбараков Әскербек Ибраимұлымен «Бүгінгінің қаhарманы…» атты 11 — класс окушыларына арналған кездесу конференциясы өтті. Аталған іс-шара мақсаты: 11 — класс окушыларынан оқу жылының басында алынған сауалнама нәтижесінде өрт сөндіру мамандығын таңдаған оқушыларымыздың көкейінде жүрген сауалнамаға жауап беру. Оқушыларды патриоттыққа, батылдыққа тәрбиелеу. Әскербек Ибраимұлы өзінің тәжребесімен бөлісіп, оқушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, қызықты ойындар ойнатылды, мектепке экскурсия жасады. Қазақта «жұғысты болсын» деген ырымға сай, оқушылар келген қонағымыздың медальдарын тағып, конференция өз мақсатына жетті. Ұйымдастырушы:Бөгетсай МГ — ң кәсіби бағдар беру координаторы Джанкулова Азел Исатайкызы





