Кәсіби бағдар беру кабинетінің жылдық жоспары бойынша 11 — класс окушыларына арналған «Жан үшін күрескендер» атты конференциясы санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті. Мақсат:алдын ала жүргізілген мамандық таңдау сауалнамасы бойынша оқушылардың басым бөлігі мал дәрігері және дәрігер мамандықтары таңдап отырғаны белгілі болды. Осы сауалнама нәтижесі негізінде қонаққа мектеп және Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің түлегі, кәсіпкер, мал дәрігері Сарсенбаев Назар Арманұлы және мектеп медбикесі Байжанова Күнсұлу Серікқызы өз мамандықтарының «Фотосуреттер сөйлесін» айдарында қызықты тұстарын айта отырып, оқушыларды одан әрі қызықтыра түсті. Назар Арманұлы және Күнсұлу Серікқызы өз мамандықтарынан іс-тәжірибелерінен шебер — класс көрсетіп, оқушылармен естелікке суретке түсті.